Іс-шаралар

«Боевое братство»

Ақтөбе  облысында 1988 жылдан бастап «Боевое братство»   қоғамдық   қоры іздестіру тобы өз жұмысын бастады. Қазіргі  таңда қоғамдық қордың  төрағасы  Г.Галеев.

Мақсаты: Ұлы  Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің мүрделерін тауып, арулап қайта жерлеу, қаза тапқандардың жанұяларына және мемориалды музейге соғыс кезінде қолданылған  заттарды, жеке заттары мен құжаттарын тапсыру.

«Кәсіптер әлемінде»

27 қыркүйек – 1 қазан аралығында  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Еңбек күні» мерекесіне орай  «Кәсіптер әлемінде»  атты тақырыптық көрме ашылды.

«Отбасы – тәрбие негізі»

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың  облыстық мемориалды музейі  ҚР Отбасы күніне орай  «Анаға тағзым» Рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ғимаратында  «Отбасы – тәрбие негізі» атты кездесуұйымдастырып өткізді.

Шараға №64 орта мектебінің және «Сымбат» жеке мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

«Мектепке жол»

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың  Ақтөбе облыстық мемориалды музейі  Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық  акция  аясында аз қамтылған отбасы  балаларына  және  мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп құрал-жабдықтарын  сыйға  тартты. 

Оқу  құрал – жабдықтар жиынтығы (рюкзак, сурет альбомы, пенал, қаламсап т.б)   №67 ОМ   0 сынып оқушысы Ғалымжан Аянға, №12 ОМ 1сынып оқушысы Айбекұлы Даулетке, №12 ОМ 5сынып оқушысы Әділбеков Мауленге табысталды.  

Шара  барысында «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» жетекшісі  Г.Сраж сөз сөйлеп, ал оқушылардың аналары ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

«Менің Қазақстаным – менің болашағым!»

29 тамыз  күні Кеңес  Одағының Батыры  Ә.Молдағұлованың  облыстық  мемориалды  музейі ҚР. Конституция  күніне орай «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» атты тақырыптық  интерактивтік  экскурсия   өткізді.

Шараға әскери - техникалық  мектеп  жауынгерлері қатысып экскурсия тыңдады.

«Батырлықтың қасиетті тұмары»

14 маусым күні сағат 11.00де Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ә.Молдағұлованың туған күніне арналған «Батырлықтың қасиетті тұмары» атты салтанатты шара өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпақты батыр қыздың өмірі мен ерлігі үлгісінде отансүйгіштікке, майдангерлерді мәңгі есте сақтап, құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу, өз елінің тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру.

«Тарихтың тұлғалық бейнесі суретші шығармасында»

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында суретші Сағынтай Әлімбетовтың «Тарихтың тұлғалық бейнесі суретші шығармасында» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Мақсаты – суретші Сағынтай Әлімбетовтың шығармашылығымен таныстыру, туындыларын көруге мүмкіндік беру. Жастарды суретшінің шығармашылығы үлгісінде отансүйгіштікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.