Іс-шаралар

Тілші-зерттеуші Сейілхан Асқаровтың 95 жылдығына арналған «Зерттеуші. Жазушы.Сценарист» атты танымдық шара

21 ақпанда мемориалды музей Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігін зерттеген тілші-зерттеуші Сейілхан Асқаровтың 95 жылдығына арналған «Зерттеуші. Жазушы.Сценарист» атты танымдық шараны ұйымдастырып өткізген.

Шараның  мақсаты:   «Ұлы даланың  Ұлы есімдері» жобасы аясында  ұлт тарихында, мәдениетінде   із қалдырған  тұлғалар рухын құрметтеу, еңбегімен елеулі, белгілі жерлестеріміздің есімдерін мәңгі есте сақтау.

«Пока мы помним – мы живем» атты  еске алу кеші

13 ақпанда Ә.Молдағұлова мемориалды музейінің ұйымдастыруымен  күніне «Елімнің мәңгі Батыр қызы!» атты  еске алу кеші өткізілді.

Шараға облыстық мәдениет басқармасы, ішкі саясат, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Ә.Молдағұлованың тума-туыстары шақырылды.

«Елімнің мәңгі Батыр қызы!» атты  еске алу кеші

14 қаңтарда Ә.Молдағұлова мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Батыр қыздың қаза тапқан күніне «Елімнің мәңгі Батыр қызы!» атты  еске алу кеші өткізілді.

Шараға облыстық мәдениет басқармасы, ішкі саясат, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Ә.Молдағұлованың тума-туыстары шақырылды.

«Тыңдаңдар, тірі адамдар!»

11 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе  жоғары медициналық колледжінде Қазақстанның  халық жазушысы,  Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті  ақын  Фариза  Оңғарсынованың  80 жылдық  мерейтойына  арналған  «Тыңдаңдар, тірі  адамдар!»  атты әдеби-сазды  шығармашылық  еске алу кеші өткізілді. 

«Ұлы Дала Ұстазы»

25 қарашада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсаринмемориалды музейі қорынан «Ұлы Дала Ұстазы» атты тақырыптық жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

«Жауынгерлік туы астында...»

25 қазанда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Жауынгерлік туы астында...» - Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығына және Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтің 95 жыл толуына орай патриоттық шара өткізілді.

Шараның  мақсаты:  жастарға  аға-апаларымыздың елін, жерін ерлікпен,  жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту,ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, отансүйгіштікке,  патриоттыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.