Шерхан Абилов – уроженец города Кентау, ныне актер киностудии «Ленфильм», член Гильдии актеров России.
Шерхан Абилов – уроженец города Кентау, ныне актер киностудии «Ленфильм», член Гильдии актеров России.
Биыл «Музейдегі түн – 2025» мәдени көпшілік іс-шарасы «Ұлы Жеңіске – 80. Әлия ерлігіне – 100 жыл» тақырыбы аясында өткізілді.
Мәдени шара қала тұрғындары мен қөнақтарына арналып, қазіргі заманғы музейлер мүмкіндігін ашу, музей инсталляциялары мен жаңа заманауи технологиялар арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын қалыптастырып, жастарды музейге, мәдениет және өнерге тарту мақсатында ұйымдастырылды.
23 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Жеңістің 80 жылдығы және Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы аясында келушілерге «Әлия – қаһармандық дастаны» тақырыбында экскурсиялар жүргізіліп, заманауи цифрлық технологиялардан құралған реэкспозиция таныстырылды, деректі фильмдер көрсетілді.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбе облысы Полиция департаментінде ІІО ардагерлері, жас қызметкерлер мен Ә.Молдағұлова атындағы мемориалдық мұражай өкілдерінің қатысуымен патриоттық шара өтті.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 17 сәуір, сағат 11.00-де музей қорын толықтыруға бағытталған «Жәдігер сыр шертеді» Естелік акциясының қорытынды шарасы өтті.
Музей жанашыры Санкт-Петербург қаласының тұрғыны, 100-ден аса фильмге түскен кино актер, 20-дан астам кітап жазған Шерхан Абилов қорымызға соғыс тақырыбында жазылған 25 кітапты сыйға берді. Әскери мемуарлар, маршалдар туралы естеліктер, қоршаудағы Ленинград пен Ұлы Жеңіс туралы кітаптар музей қорын толтырмақ. 2025 жылы Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай, Шерхан Әбдиұлы музейге 100 жәдігер сыйлап отыр.
Ұлттық музейде «Ер есімі – ел есінде» мен «Жеңіс: ұрпақтар арқылы жол» атты жалпыреспубликалық акциялар аясында «Батырлар – ұрпақ есінде» көрмесі ашылды.
Көрме Кеңес Одағының Батырлары Бауыржан Момышұлына 115 жыл, Мәлік Ғабдуллинге 110 жыл, Әлия Молдағұловаға 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.