Іс-шаралар

23 - наурыз Тазару күні

23 - наурыз Тазару күнінде Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкерлері музей ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, талдардың түбін әктеді.

22-наурыз күні

22-наурыз күні Жыл басы мерекесінде Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкерлері қазақтың ұлттық тағамдары, бауырсақ, құрт, наурыз көже мен айран сусынын дайындап музей келушілеріне дәм татқызды.

20-наурыз Ұлттық спорт күні

Наурызнама онкүндігі аясында 20-наурыз Ұлттық спорт күнінде «Argymaq» ат-спорттық клубының көкпардан спорт шебері Бердіғали Жакишевпен сұқбат өтіп, спортшы көкпардан шағын жаттығуын арнайы бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде көпшілікке таныстырды. Бердіғали Жакишев көкпардан облыс чемпионы, Екі дүркін Батыс аймағының чемпионы, ҚР жастар арасында жүлделі ІІІ орын иегері және Сүлеймен CUP турнирінің чемпионы.

«Биік парасат иесі» атты шара өтті

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде музейдің негізін салушылардың бірі, музей ардагері Өлеулина Айша Әлішқызының  70 жасқа толуына арналған «Биік парасат иесі» атты шара өтті.

Музейдің реэкспозициясының ашылуы

Бүгін Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде музей қызметіне және экспозицияларға енгізілген заманауи цифрлық технологиялар бойынша жасақталған реэкспозицияның таныстыру рәсімі өтті.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.