Іс-шаралар

Музей құнды жәдігерлерді сыйға қабылдады

Мемориалды музей актер, жазушы, Халықаралық журналистер федерациясының, Санкт-Петербург журналистер, РФ кинематографистер Одағының мүшесі, «Мы сыны казахских степей», «Из Санкт-Петербурга с любовью!»  т.б. кітаптардың авторы Шерхан Әбіловтің жеке кітапханасынан және Санкт-Петербург «Пискарев мемориалды зираты» ММ-нің директоры Евгений Панкевичтен Ұлы Отан соғысына қатысты құнды кітаптар мен әскери киімдер жиынтығын сыйға қабылдады.

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!»   танымдық шара

15 желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыр Ә.Молдағұлованың меморилды музейінде Казақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!»  атты»  тарихи-танымдық шара ұйымдастырылып өтті.

Шараға тарихшы – өлкетанушылар, Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Заң институтының қызметкерлері, С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе  университетінің  студенттері қатысты.

"Кибербуллинг - мектептегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" танымдық шарасы

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұловның облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен “BILIM” мектеп-гимназиясында "Кибербуллинг - мектептегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" тақырыбында танымдық шарасы өтті.

«Атың белгісіз, ерлігің өлмес» Белгісіз солдат күніне және іздестірушілер күніне арналған патриоттық акция

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп майдан даласында қалған жауынгерлердің естеліктері мен ерліктерін мәңгілікке есте қалдыру мақсатында патриоттық акция ұйымдастырылды.

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «Әлия көш басында» интеллектуалды сайысы

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 17 қараша күні  Халықаралық студенттер күніне орай «Әлия көш басында» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.

«Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорымен  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің бірлескен салтанатты шарасы

Ақтөбелік іздестіру тобының 35 жылдық мерейтойына арналған аталмыш «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорымен  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің бірлескен салтанатты шарасы өтті. 

Жиналған қауым мерейтойды  Қалалық мәдениет үйінде атап өтті. 

«Музей түні»

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Қазақстан Республикасы күніне орай «Музей түні» шарасы өтті.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.