Қоғам қайраткері, жазушы Әзиза Нұрмаханованың 100 жылдығына арналған “Шығыс шынары” танымдық шарасы өтті. No24 А.Байтұрсынов атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары іс-шараға белсене қатысса, 9 сынып оқушысы Ермек Нұрислам шараны әуезді әнмен әрледі.
Іс-шараның мақсаты: бүгінгі ұрпақ, келешек жастары, өз Отанының шынайы патриоты болуды осы ұлы тұлғамыздан үйреніп, сонымен қатар шарамыздың басты кейіпкерінің еңбектеріне арқау болған, қазақ халқының қайсар қызы Ә. Молдағұлованың ерлігі негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеп қана қоймай елінің адал азаматтары болуға баулу.
Іс-шарада Әзиза Нұрмаханованың өмірі мен шығармашылығы, Ә.Молдағұлова туралы жазылған “Шығыс шынары” кітабы жайлы мағлұматтар беріліп, сергіту сәтінде батырлардың тұлғасына қатысты «Мен кіммін?» деген ойын ойнатылды.