Кентау қаласының құрметті азаматы, Ресей кино актерлар гильдиясының және РФ Киноматографистер одпғының мүшесі Әбілов Шерхан Әбдіұлы музейімізге 75 дана кеңес дәуіріне жататын бұйымдарды Санкт-Петербург қаласынан беріп жіберді.
Кентау қаласының құрметті азаматы, Ресей кино актерлар гильдиясының және РФ Киноматографистер одпғының мүшесі Әбілов Шерхан Әбдіұлы музейімізге 75 дана кеңес дәуіріне жататын бұйымдарды Санкт-Петербург қаласынан беріп жіберді.
2025 жылғы 14 қаңтар күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова мен Ағайынды Жұбановтар көшесінің қиылысында орналасқан «Әлия» мемориалды кешенінде, Шернияз көшесі бойында орналасқан Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ескерткішінде, Бөгенбай батыр көшесі, 44 мекенжайында орналасқан Әлия Молдағұлованың халықаралық әуежайында, сонымен қоса Қобда, Темір аудандарында еске алу шарасы мен батыр қыздың ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
К 100-летию Героя Советского Союза А.Молдагуловой, а также в рамках акции «Подари книгу школе» состоялся урок мужества «Ардақты ұлы есім». Гостями мероприятия стали супруга журналиста Амира Оралбая Мендігүл апай и главный хранитель музея Жанабергенова Толкын.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім!» тақырыбында патриоттық танымдық шара өтті.
Қоғам қайраткері, жазушы Әзиза Нұрмаханованың 100 жылдығына арналған “Шығыс шынары” танымдық шарасы өтті. No24 А.Байтұрсынов атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары іс-шараға белсене қатысса, 9 сынып оқушысы Ермек Нұрислам шараны әуезді әнмен әрледі.
Бүгін «Жауынгерлік бауырластық» ҚҚ мүшелері, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінің қызметкерлері және ҰОС қатысушыларының ұрпақтары «Мәңгілік алау» мемориалына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы қалам тербеткен ақын-жазушылар: Сағи Жиенбаев (90 жылдығы), Фариза Оңғарсынова (85 жылдығы), Әмір Оралбайдың (65 жылдығы) өмірі мен шығармаларына арналған «Руханият шырақшысы» тақырыбында әдеби вернисаж өткізді.
© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.