previous arrow
next arrow
Slider
«Батыр ағаның шапағаты» тарихи-танымдық шара

Бүгін Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен әскери қайраткер, полковник, жерлесіміз Ким Серікбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Батыр ағаның шапағаты» тақырыбында тарихи – танымдық шара өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында  музей қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің директоры Максутова Жанар Тугамбаевна «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»  тақырыбында  музей қызметкерлеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

13 ақпан күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жылдары»  Ауғаныстаннан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл тоуына орай ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

«Батылдық пен ерліктің символы» тақырыбында ZOOM конференциясы ұйымдастырылды

2024 жылғы 8 ақпан күні музей қызметкерлері мен Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы №140 орта мектепттің бірлесуімен Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 80 жыл толуына және Ленинград қаласының неміс-фашистік басқыншыларынан азат етілген күніне орай «Батылдық пен ерліктің символы» тақырыбында ZOOM конференциясы ұйымдастырды.

Әдістемелік көмек көрсетті

Әлия музейінің қызметкерлері М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің әскери «Даңқ» музейін қайта жасақтау жұмыстарына байланысты әдістемелік көмек көрсетті.

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне және Ленинградты қоршаудан азат еткеніне 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ерлік көрсеткен қаһарман қала» көрмесі

Үстіміздегі жылдың 27 қаңтар күні  Қоғамдық келісім сарайында «Родина.КZ.» ҚҚ ұйымдастыруымен өткен шарада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық  мемориалды музейі көрме қойды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.