Бүгін «Жауынгерлік бауырластық» ҚҚ мүшелері, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінің қызметкерлері және ҰОС қатысушыларының ұрпақтары «Мәңгілік алау» мемориалына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
1966 жылдан бастап 3 желтоқсан «белгісіз солдат» күні болып белгіленді. Бұл күн майдан даласында хабар-ошарсыз кеткен, Отан үшін жанын қиған әрбір жауынгерді еске алатын күн. Майдан даласында ерлікпен қаза тапқан, із-түссіз кеткен жауынгерлерге деген құрмет, тағзым.
Шара барысында «Жауынгерлік бауырластық» ҚҚ-ның төрағасы Г.Галеев жыл бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде іздестірушілер тобының бірқатар мүшелерін алғыс білдіріп, төс белгімен марапаттады.