27 қарашада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі мен облыстық өнер музейі «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Жеке кеңістік – зорлық-зомбылықсыз өмір!» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
27 қарашада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі мен облыстық өнер музейі «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Жеке кеңістік – зорлық-зомбылықсыз өмір!» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі SDU университетінде Республика күніне орай ұйымдастырылған тарихи-танымдық семинарға қатысып, музейлердің жылжымалы көрмесі аясында “Әлия-қаһармандық дастаны” көрмесіне экскурсия жасады.
25 қазан – Республика күніне орай «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы Қазақстан» тақырыбында танымдық шара өтті.
Шараның мақсаты Республика күнінің құндылығын, қазақ тарихындағы маңыздылығын аша түсіп, Отанына, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін арттыру.
Бүгін, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейімен жасалған ынтымақтастық меморандум аясында, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы әдеби-мемориалды музейінде Республика күніне арналған «Әлия – қаһармандық дастаны» жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы бірлесіп Қазақ халқының «1941-1945 жылдардағы соғыстағы жаппай ерлігінің көркемдік көрінісі» тақырыбында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Жаңабаевпен, PhD докторант мәдениеттанушы Тургенбаева Айжан Шоханқызымен кездесу кешін өтті.
4 қазан күні кітапхана қызметкерлері Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік елдіктен туады» тарихи-танымдық кеш өткізді.
1 қазан күні Қазақстанда Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай музей саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған еңбек ардагерлеріміздің үйіне барып мерекемен құттықтап, құрмет көрсетілді.
© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.