27 қарашада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі мен облыстық өнер музейі «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Жеке кеңістік – зорлық-зомбылықсыз өмір!» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
25 қараша - Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні.
10 желтоқсан – Адам құқықтары күні.
Шараның мақсаты: әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, оларға төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру және оларға қатыгездік көрсету жағдайларын болдырмау, отбасы институтын нығайту, әйелдер мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Шараға қатысушылар:
- Полиция бөлімінің өкілі, учаскелік инспектор, полиция майоры Ұзақбаев Талғат Ермекбайұлы
- «Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ оқытушысы Тажибаева Айжамал Ералиевна
- «Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ оқытушысы Тажибаева Айжамал Ералиевна
Полиция майоры Т.Ұзақбаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әйелдердің құқықтарын заңнамалық деңгейде қорғау, жастар арасында абайсыздықтан жасалған қылмыстардың алдын алу мәселелеріне тоқталып, осыған ұқсас жағдайларды өзінің жұмыс тәжірибесінен мысалдармен келтірді.
Дағдарыс орталығының оқытушысы А.Тәжібаева қиын өмірлік жағдайға тап болған, күйеуінің дөрекі әрекеттеріне ұшырап, үйлерінен кетуге мәжбүр болған әйелдермен және олардың балаларымен жұмыс жасау,
сондай-ақ қыздар заңды некеге тұру кезіндегі сақтық шаралары.
Психолог А.Сатаева өз сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге дер кезінде психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіптік-техникалық факультетінің студенттері мен мұражай қызметкерлері қатысты.