Іс-шаралар

"Ауғанның асуында от кешкендер" атты Ауған жауынгерлерімен тақырыптық кездесу өткізілді

13 ақпанда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі ҚР ҚМ "Әскери-техникалық мектеп" РМҚК Ақтөбе филиалының залында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған "Ауғанның асуында от кешкендер" атты Ауған жауынгерлерімен тақырыптық кездесу өткізді.

«Бейнелеу өнерінің алыбы» атты еске алу кеші және жеке сурет көрмесі өткізілді

3 ақпан күні музейде ақтөбелік суретші С.Әлімбетовтің 70 жылдығына арналған  «Бейнелеу өнерінің алыбы» атты еске алу кеші және жеке сурет көрмесі өткізілді.

С.Әлімбетов - КСРО, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, Бейнелеу өнерінің профессоры, «Әлем халықтары өнері» халықаралық ассоциациясының лауреаты, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы және қала елтаңбасының авторы.

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында семинар өткізілді

1 ақпанда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сарапшысы Ә.Қ.Жақсығалидың қатысуымен мекеме қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.

«Шығыстың қос шынары» тақырыбында вен диаграммасы өтті

25 қаңтарда №27 жалпы білім беретіп орта мектеп-лицейінде  музейдің ұйымдастырумен Кеңес Одағының Батырлары Әлия мен Мәншүктің өмірі мен ерлік жолдарын дәріптеуде «Шығыстың қос шынары» тақырыбында вен диаграммасы өтті.

Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына  79 жыл толуына орай «Құшағына алып жатыр Жер-Ана»  атты Батыр қызды еске алу кеші

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 79 жыл толуына орай  «Құшағына алып жатыр Жер-Ана» атты еске алу кеші өтті. Аталмыш кеште Әлия Молдағұлованың нағашысы Сапар Молдағұлов батыр қыз туралы естеліктер келтірсе, М.Оспанов атындағы медициналық университетінің әскери кафедра оқытушысы, запастағы подполковник Жұмашев Бауыржан Айдынғалиұлы, ҚР-ның ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу-әдістемелік орталығы  бастығының орынбасары Айнұр Серікқызы және №13 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сырым Байдрахманов қайсар мергеннің ерлігін насихаттау жалғасын таба беретіндігін баяндап берді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.