Наурызнама онкүндігі аясында 20-наурыз Ұлттық спорт күнінде «Argymaq» ат-спорттық клубының көкпардан спорт шебері Бердіғали Жакишевпен сұқбат өтіп, спортшы көкпардан шағын жаттығуын арнайы бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде көпшілікке таныстырды. Бердіғали Жакишев көкпардан облыс чемпионы, Екі дүркін Батыс аймағының чемпионы, ҚР жастар арасында жүлделі ІІІ орын иегері және Сүлеймен CUP турнирінің чемпионы.