Іс-шаралар

«Ұлы даланың қол өнері!»

2019 жылдың 15 наурызы күні Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Ұлы даланың қол өнері!»  атты  ақтөбелік қолөнер шебері, тігінші Гүлзада Имангазиеваның жеке шығармашылық  көрмесінің  ашылуы  өтті.

Мақсаты: өскелен ұрпаққа қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, жастарды шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, сонымен қатар шығармашылыққа, ұлттық қолөнерге баулу.

«МЕРГЕН АРУ - 2018»

14 ақпанда «Құқық тәрбие-заман талабы» атты гуманитарлық колледж студенттерімен кездесу, сұрақ-жауап, әңгіме-сұхбат өтті. Шараның мақсаты: өскелен ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, қоғамдық сақтауда үлгі көрсету және студенттерді теріс діни уағыздарға тойтарыс беруге шақыру. Шара барысында лекция оқылып және тақырып бойынша слайд көрсетілді.Студенттер өздерінің құқықтарын, заңдардан хабар болу керек, оны мұқият орындау керек екендыгы туралы ақпарат алды.

«Ардагерлер – асыл ерлер!»

22, 28 қаңтарда № 2, № 3 орта мектептерінде Ауған Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуына орай «Ардагерлер – асыл ерлер!» атты Ауған соғысының ардагерлерінің және «Боевое братство» қоғамдық қоры мүшелерінің қатысуымен ерлік сабағы ұйымдастырылып өткізілді.

19 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау жөніндегі Ұ.Құлымбетов атындағы № 64 мектебінің 7 – 10 класс оқушыларымен кездесу өтті.

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына орай «Мерген Әлия» -атты Батыр қызды еске алу кеші

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. «Әлия есімінің халқымыздың бертінгі тарихындағы алатын орны өзгеше үлкен. Қазақтың қаршадай мерген қызы ел басына күн туған шақта үлкен жүректің иесі екендігін танытып, даңқы өшпес ерлік жасады. Өмірде он гүлінен бір гүлі ашылып үлгермеген бойжеткен сындарлы сәтте өз Отанын қорғауға әзір болып қана қоймай сол үшін жанын қиюға да дайын болып шықты. Бүгінде Қазақстанның егеменді ел атанып отыруында, сөз жоқ, Әлия апамыздың да өзіндік зор үлесі бар» - деп атап өтті.

«Әлиядай қызы бар ұлы қазақ!»

Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 2019 жылдың 14 қаңтары күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына және Ленинград қаласының жаудан азат етілгеніне 75 жыл толуына орай «Әлиядай қызы бар ұлы қазақ!» атты еске алу кеші өткізілді.

13 қаңтарда мемориалды музей Батыр қызы Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына «Свеча памяти» атты  еске алу акциясын «Мәңгілік от аланында» өткізді шараға Ақтөбе облысы білім басқармасының өкілдері, Ә.Молдағұлованың тума-туыстары, қала оқу орындарының оқушыларымен оқытушылары, ҰЕҮ, қала тұрғындары қатысты

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.