Іс-шаралар

«Штрафбаттағы жалғыз қазақ қызы» тақырыбында  онлайн-лекция

17 сәуір күні  Профессор, медицина ғылымының докторы, ғылыми iзденістері әлемнiң көп елдерiнде ғалымдардың үлкен шынайы қызығушылығын тудырған, Ұлы Отан соғысының ардагері, Берлинге дейін жеткен қазақ қызы Халида Есенқұлқызы Маманова туралы-«Штрафбаттағы жалғыз қазақ қызы» тақырыбында  онлайн-лекция өтті.

«Женщины на страже Родины»  тақырыбында онлайн-лекция

8 сәуір күні музей  қызметкері С.Тәжбенова тікелей эфирде  «Женщины на страже Родины»  тақырыбында онлайн-лекция өткізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында барша  халықпен қатар қазақ  қыздары  жеңіс  жолына жан тігіп, бар күшімен күресе білді. Соғыстың алғашқы күнінен  бастап, олар өз еріктермен майданға аттанды, олардың алды жиырмадан асса,көпшілігі 17-19 жаста ғана болатын. Солардың бірі қазақтан шыққан Кеңес Одағының Батыр қыздары  Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова, Хиуаз Доспановалардың жанқиярлық ерліктері туралы айтып берді.

«Женщины на старже Родины»

8 наурыз күні №20 мектеп-лицейінде «Женщины на старже Родины» тақырыбында  әскери  мамандық кәсіптегі қыз-келіншектердің өмірі мен қызметінен  сыр шертетін  тақырыптық шара өтті.   

Онлаин-кездесу өтті

4 наурыз күні С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында  Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы  орталық кітапхана ұжымымен бірлесе онлаин-кездесу өтті.  Онлайн – кездесу Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Ә.Молдағұлованың 95 жылдығына арналды. Онлаин шараға музей қызметкерлері, Әлияның туысы Ария Хабиева қатысты. Өскемендік әріптестер арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын  орындап, екі жақты пікір алмасып, Батыр қызға қатысты сұрақтар қойып отырды.

Алғыс айту күні

1 наурыз Алғыс айту күніне орай  Әлия  музейіне   Шымкент, Орал, Атырау облыстарынан келген қонақтар Әлияның өмір мен ерлігіне бас иіп, жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айттты. Қонақтар арнайы бейнетаспаға түсіріліп,  музейдің инстаграмм парақшасына салынды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.