previous arrow
next arrow
Slider

«Ерлігі ел жадында» атты алтын қақпа сайысы ұйымдастырылды

23 наурызда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі жанынан құрылған «Әлия» клубының жұмыс жоспары негізінде кулб мүшелері мен «Емдеу ісі» - 111 тобының қатысуымен «Ерлігі ел жадында» атты алтын қақпа сайысы ұйымдастырылды.

Сайыс барысында студенттер арасынан  2 топ құрып шығып, тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа бөлімдерінде берілген тапсырмаларға жауап берді. Қақпа сұрақтары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тақырыбынан және Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлік жолын қамтыды.

Интеллектуалдық сайыстың мақсаты тарихи кезеңнің маңызды тұстарын студенттердің жаднамасында қалыптастырып, ішкі рухани, патриоттық сезімін арттыруға жағдай жасау.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.