previous arrow
next arrow
Slider

«Әлемді шаттық пен сұлулыққа толтырған» - мерекелік құттықтау шарасы өтті

3 наурызда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемді шаттық пен сұлулыққа толтырған» - мерекелік құттықтау шарасы өтті.

Шараға №2-ші қалалық емхананың хирург дәрігері Сүлейменова Ақтоты, Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушысы, Отбасылық медицина клиникасының эндокринолог дәрігері Қалжанова Марина, Отбасылық медицина клиникасының медбикесі Бердалина Райгүл және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің, С. Бәйішев атындағы жоғары медициналық колледжінің, М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанты құттықтау сөз сөйлеп,  кешті ән-жырмен көркемдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады және шара соңында музей басшысы қонақтарға музей атынан гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтарды табыс етті.

 
Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.