Іс-шаралар

«Музейдегі түн-2019»

2019 жылдың 18 мамыр күні Ә.Молдағұлова облыстық мемориалды музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық музейлер күніне орай және Ақтөбе қаласының 150 жыл мерейтойына арналған мемориалды музейнде «Музей түні – 2019» атты мәдени-ағарту акция өткізілді.

Шара қазіргі заманғы музейлер мүмкіндігін ашу, жастарды  музейге, тарих, мәдениет және өнерге тарту мақсатында ұйымдастырылды.

«Ізет, құрмет батырларға арналды»

Кешке ақтөбелік батырлар ұрпақтары, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі,облыстық, қалалық  Қорғаныс істері жөніндегі департамент,  мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасы, ҚР Ішкі Істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институты Ардагерлер кеңесі, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалы, ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігі өкілдері шақырылды.

«Ақтөбе жері – батырлар елі»

3 мамыр күні мемориалды музейінде   7 мамыр Отан қорғаушылар күніне  және Ақтөбе қаласының  150 жыл мерейтойына арналған«Ақтөбе жері – батырлар елі» атты салтанатты  мерекелік шара  ұйымдастырылып  өтті. Шара қатысушылары – Т.Бигельдинов атындағы Әуе Қорғаныс  Күштерінің Жоғары институтының оқытушылары, командирлері мен курсанттары.

«Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені»

2019 жылдың 30 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен 1 мамыр Халықтар бірлігі күніне арналған  «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені » - салтанатты шара өткізілді.

Мақсаты: өскелен ұрпаққа бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу; қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу; басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

«Вахта Памяти-2019»

24 сәуірде    «Мәңгілік от алау»  Даңқ мемориалды алаңында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейіАқтөбе қаласының 150 жылдығы аясынла, Тверь облысы  Оленино ауданы  фашистік  басқыншылардан азат етілгеніне75 жыл және  Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай  ұйымдастырылғанақтөбелік іздестірушілерді бүкілресейлік «Вахта памяти» акция- экспедициясына  салтанатты шығарып салды. Шараның мақсаты: «Естелік Вахтасы» аясында  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне тағзым етіп  еске алу, олардың  мүрделерін тауып, арулап қайта жерлеу, музейге соғыс кезінде қолданылған заттарды, жеке заттары мен құжаттарын тапсыру. Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің фамилияларын  «Естелік» кітабына енгізу.

«Ерлік- елге мұра»

18 сәуір күні Кеңес  Одағының Батыры  Ә.Молдағұлованың  облыстық  мемориалды  музейі Ұлы Жеңістің 74жылдығына орай «Ерлік- елге мұра » - әдеби- сазды кеші өткізілді.

 Мақсаты: Жас ұрпақты, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысымен , ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту  және адамгершілікке  тәрбиелеу.

«Қарымды қаламгер»

10 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде тілші, жазушы Әмір Оралбайдың 60 жылдығына арналған  «Қарымды қаламгер» атты журналистіеске алу кеші өтті.

Мақсаты: Ә.Оралбайдың өмір жолын жас ұрпаққа өнеге ету, жазушының шығармашылығына терең үңіліп оқып-үйрену, шығармаларына деген қызығушылығын арттыру, жастарды  тұлғаның биік адамгершілік парасаты үлгісінде тәрбиелеу.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.