Іс-шаралар

Хабиева Ария Бисембайқызымен онлайн кездесу - сұхбат

6 мамыр күні  музейде   Әлия Молдағұлованың нағашы сіңілсі Хабиева Ария Бисембайқызымен онлайн кездесу - сұхбат өткізілді. Ария Бисембайқызы әкесі Хабиев Бисембайдан естіген Әлия туралы тың деректермен бөлісіп, әкесі мен  батыр қызға қатысты тарихи деректі фотосуреттермен  таныстырды.

«Ерліктің мәңгілік алауы»

5 мамыр күні  Кеңес  Одағының  Батыры  Қожабай  Жазықовтың  туғанына 100 жыл мерейтойына арналған «Ерліктің мәңгілік алауы» Батырдың ұрпағы Темірғали Жазықовпен кездесу-сұхбат жүргізілді. Батырдың ұрпағы Темірғали Жазықов әкесінің өмірі мен ерлігі туралы сыр шертті.

«Казахстан-наш общий дом»  атты кездесу

1 мамыр күні Қазақстан Халықтарыны бірлігі күніне «Шалом» еврейэтномәдени орталығының мүшесі. Т.Ахтанов атындағы драмтеатр актрисасы П.Савицкаямен  музейде тікелей эфирде  «Казахстан-наш общий дом»  атты кездесу өткізілді.

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мәдени іс-шараларды уақытша тоқтата тұруға тапсырма берген болатын.

Осы орайда Әлия музейі «aqtobe_madeniet» және «aliya.muzei» инстаграм парақшалары арқылы жаңа форматта «#бізбіргеміз» акциясыаясында тікелей онлайн режимде іс-шараларды өткізе бастады.

«Память не знает границ»

22 сәуірде «Память не знает границ» тақырыбында Москва қаласында тұратын  жерлесіміз,  Москва мемлекеттік  және муниципалдық басқару институтының  доценті  Төлешов  Асылбек  Қуантайұлымен онлайн-сұхбат жүргізілді. Сұхбат  аясында  екі ел арасындағы байланыс  және  Батыр қызға  қатысты  өткізіліп  жатқан  шаралар  туралы әңгіме  өрбіді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.