previous arrow
next arrow
Slider

Бейбітшілік – ұрпаққа аманат!

 

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейіің ұйымдастыруымен «Батырлар алаңында» Ақтөбелік  Кеңес Одағының Батырлары мен соғыс ардагерлерінің - А.Жанзақов(105), М.П.Колесников(105),  Ф.Ф.Озмитель (105), В.Г.Козенков (100), С.В.Вавилов (115), Н.Д.Власов (100), В.С.Шахрай (100), И.М.Пятковский (110), М.Т.Кошелев (100), П.А.Кашпуров (110), М.С.Кожемякин (110), Ғаппас Меңдібаев(110) , Ахметжанов Сандыбай(110), Көбеков Әлеукеш (100), Қалжанов Шәукел (125), Ерманов Құлмағамбет (105), Шынбөпе Есқожина (100) мерейтойларына арналған «Бейбітшілік – ұрпаққа аманат!» ұрпақтарымен кездесу шарасы өтеді.

Мақсаты:  Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай ақтөбелік Батырлардың және соғыс ардагерлерінің өмірі мен ерлігін насихаттау.  Жастарға патриоттық тәрбие беру, үлгі ету.

Шараға Кеңес Одағының Батырлары мен соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, «Жауынгерлік бауырластық» іздестіру тобының мүшелері, Әскери полиция, Ақтөбе қаласы 30238 әскери бөлімі,  Әскери техникалық мектебі, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі,  Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесі,  Болашақ  Ақтөбе қалалық жоғары колледжі, №13 орта мектебі, №24 А.Байтұрсынов атындағы  лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары, Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттері қатысады.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.