previous arrow
next arrow
Slider

«Әдебиет майданы» атты әдеби - танымдық кеш өтті

Өмірдің өзін сөйлеткен жазушы, журналист Жекен Жұмахановтың туғанына  110 жыл толып отыр. Осыған орай, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінде «Әдебиет майданы» атты әдеби - танымдық кеш өтті.

Шарада Жекен Жұмахановтың жары Клара Білялқызының Әлия музейіне берген сұхбаты жіберген  бейнетаспа көрсетіліп, жазушының кітаптары мен оған қатысты шығарылған газет, журнал мақалалары мен фотолары, екеуара жазысқан хаттары поштамен келіп, қорға алынды.

Кештің жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысқан сөз өнерінің маржандарын тәрбиелеуге үлес  қосып жүрген Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік университетінің  оқытушысы Рита Жұмағалиева,  тал бесіктен қалыптасқан тағылымын  әдебиет дариясына қайық қып салған ақын Нұрлыбек Қалауовтар.

Қазақта ауызша әдеби әңгіменің классигі атанған жазушы Жекеннің шығармашылығы шара барысында толықтай ашылды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.