previous arrow
next arrow
Slider

“Елім деп туған ерлер бар” тақырыбында тарихи- танымдық сағат өтті

Кеңес Одағының Батыры, өңіріміздің төл перзенті, ғарышкер-ұшқыш В.И.Пацаевтың 90 жылдық мерейтойына, 12 сәуір- Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай “Елім деп туған ерлер бар” тақырыбында тарихи- танымдық сағат өтті.

Аталмыш шараға В.И.Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебінің курсанттары мен №27 орта-мектеп лицейінің “Әлия” патриоттық клубының мүшелері  қатысты.

“Халықтық ұжым” “Сұңқар” вокалды ансамблінің оқушысы - Әбдіғазиз Шахисламның орындауындағы

“Қазақтың ұлдары” атты өр мінез, өршілдік рухты әнмен бастау алып, ғарыштың қол жеткізген жетістіктері, адамзат өміріндегі орны, Байқоңыр - ғарыш айлағы, қазақ ғарышкерлері, жерлесіміз В.И.Пацаевтың өмірі мен ғарышқа сапары, облыстық планетарий туралы бейнесюжет ұсынылып, кең көлемде мәлімет берілді.

Танымдық шара барысында В.И.Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебінің ашылу тарихы мен мақсаты турасында мектептің басшылық қызметкерлері Б.А.Кайпанов, М.К.Нурмухаммедов сөз сөйлеп, 3-курс курсанты Әбілхайыр Мендешев оқу орнына, Отанына деген ыстық сезімімен ой бөлісті.

 
Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.