previous arrow
next arrow
Slider

«Заттай деректер-боямасыз тарих!» атты танкілер мен танкішілерге арналған тақырыптық көрмесі

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінде «Заттай деректер - боямасыз тарих» атты танкілер мен танкішілерге арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Өскелең ұрпаққа батырларымыздың ерлігін ұлықтап, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру мақсатында, көп айтыла бермейтін танкілер  тақырыбы қозғалды.

Көрмеге Ауған соғысының ардагерлері, танкішілер «Боевое братсво» қоғамдық қорының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Гумер Галиев, Хромтау ауданының Ауғанстан және жергілікті әскерлер ардагерлер ашық қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Айбын» және «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Әділжан Кужбанов пен Ауған соғысының ардагері,    Қызыл жұлдыз орденінің екі мәрте иегері Әлжан Кужбановтар,  Хромтау тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұргүл Аманғалиева, М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан Медициналық Университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы, подполковник Бауыржан Жұмашев  пен оның курсанттары және де №38 орта мектептің 7 класс оқушылары қатысты.  Ауған соғысының ардагері Әлжан Күжбановтың  Хромтау тарихи-өлкетану музейінде сақталған және өздеріндегі жеке заттарынан, сонымен бірге музейіміздегі фото, кітаптардан  жасақталған көрме ұйымдастырылды.

Коллекционер Айбатуллин Нұрбек Ерсаинұлының музейімізге тапсырған Ұлы Отан соғысы кезеңіне жататын танкілердің үлгілерінен көрме жасақталып, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университеті әскери кафедрасының курсанттары Ұлы Отан соғысы кезеңіне қатысты танкілер мен қазіргі заманғы танкілер жөнінде Бағашев Бекзат пен Әуесов Нұржан қысқаша ақпарат берді

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.