previous arrow
next arrow
Slider

«Жер басып жүрсем» әдеби кеші

Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның Халық жазушысы, публицист, аудармашы Өтебай Қанахиннің (1923-1990)-100 жылдығына арналған «Жер басып жүрсем» әдеби кеші өтті.

Өтебай Қанахиннің інісі Абзал Байман, тарихшы, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай жазушы туралы өз естеліктерімен бөлісті. Ө.Қанахиннің жиені Бисембайқызы Кәмила да шараға қатысып, жиен немересі Кеңшілікқызы Алмагүл, Үмбетбай Уайдиннің жазушыға арнаған өлеңін оқып берді.

Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Таубатыров Альбек «Ұлтын ұлықтаған жазушы», Ө.Қанахин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші Құлжаев Бәкен «Сөнбес сәуле, шұғылалы өмір», және №69 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алашбаева Гүлжайнар «Өтебай Қанахин-проза жанрының шебері» тақырыптарында баяндама жасады. №31 қазақ ОМ мұғалімі Абдирахманов Талғат жазушы туралы ғылыми жобасын таныстырды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Филология факультетінің «Жас қаламгерлер» ұйымың мүшелері - Караммадинов Абылай арнау, Омарова Нұрай мен Нагаммадинова Шұғыла жазушының «Жер басып жүрсем» және «Ауыр күндерде» кітаптарынан үзінді, Рахметолла Әділхан «Жеңіс күні» күні өлеңдерін оқыды. Университеттің Кәсіби шығармашылық факультетінің студенті Бекжан Қожабай «Белгісіз солдат» күйін орындады. С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері  Какенова Гүлбану көпшілікке «Кең тынысты суреткер» жылжымалы кітап көрмесін ұсынды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.