Іс-шаралар

«Музей тарихы»

21 мамыр  күні   «#Бізбіргеміз»  акциясы  аясында  «Музей тарихы» тақырыбында  музей  ардагері  Айша Әлішқызымен ашық сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбат аясында музей құрылуы мен сол салада еңбек еткен жылдарынан естеліктермен бөлісті.

«Музейлер шеруі - 2020» және «Соғыс жаңғырығы»

18 мамыр  Халықаралық  Музейлер және Мәдениет және өнер қызметкерлері  күндеріне  орай  «Музейлер шеруі - 2020» - мерекелік   акциясы   аясында музейде онлаин-экскурсия және «Соғыс жаңғырығы» Ұлы Отан соғысына қатысты артефактардан  көрме ұйымдастырылды. Музей қызметкерлері  «Жеңіс әндері» шеруінен  караокемен әндер шырқады.

«Бір туынды тарихы», «Наша Победы», «Батыр атағына ұсынылған майдангерлер» айдары

9 мамыр Ұлы  Жеңіс күні  қарсаңында «Бір туынды тарихы», «Наша Победы», «Батыр атағына ұсынылған майдангерлер» айдарымен телеарналардан көрсетілді. Түсірілген хабар – сюжеттер жүктелініп Әлия музейінің инстапарқашаларына  салынды.

«Әлияның ерлігі – елге мұра» онлайн-сұхбат

9 мамыр күні Алматы облысы Есік тарихи-өлкетану музейімен «Әлияның ерлігі – елге мұра» онлайн-сұхбат ұйымдастырылды. Тікелей эфирде өткізілген онлайн – сұхбатқа музей директоры Е.Қалтаева қатысты. Эфир  барысында Алматы облысының тұрғындары, Есік тарих-өлкетану музейі парақшасының оқырмандары сұрақтар қойып, пікір алысты. 

«Ер елінің қорғаны» атты патриоттық бейне тарихи - танымдық сағат

8 мамыр  күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің  студенттерімен бірлесе  «Ер елінің қорғаны» атты  патриоттық  бейне  тарихи -  танымдық  сағат өткізілді. Гуманитарлық сағат аясында гуманитарлық колледжінің  студенттері соғыс тақырыбына  арнайы  дайындаған тақырыптық көрністері мен өлең-жырларын арнады.

7 мамыр күні Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасымен  бірлесе  «Ұрпаққа үлгі  ұлы ерлік» тағзым  сағаты,  онлайн-сұхбат  ұйымдастырылды.  Онлайн - сұхбатқа музей  қызметкері  А.Тұралиева  қатысып,  Ақтөбе  облысының соғыс жылдарындағы тұрмыс тіршілігі туралы  тарихи  деректер  келтіріп  және ақтөбелік батырлардың  мерейтойларына  қатысты  шаралармен  бөлісті.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.