previous arrow
next arrow
Slider

Жәдігер жерде қалмасын

18 мамыр  Халықаралық  музейлер күніне орай  Әлия музейінде  17 мамыр, сағат 16.00 де музей қорын толықтыруға  бағытталған «Жәдігер жерде  қалмасын»   Естелік   акциясының  қорытынды  шарасы  өтті.

Акция  аясында  Қобда  ауданының  тұрғыны  Сапанов  Малік  Кеңес Одағының  Батыры  Абдолла   Жанұзақовтың   фотосуреттерін,  қала тұрғыны   Ләззат  Омарқызы әкесі, Ұлы Отан соғысының  ардагері Нұржанов Омардың  құжаттары мен орден-медальдарын, Жанай  Оразов әкесі  Сағын  Оразовтың ордендерін,  Орынай  Амирова атасы Нұржан  Медеттің  фотосуреті мен жерленген жерінен  әкелінген  топырағын,   Ауған  соғысының  ардагері, 2 мәрте  Қызыл Жұлдыз орденінің  иегері Әлжан Кужбанов әскери  кителін, «Жауынгерлік Бауырластық» қоғамдық қорының басшысы  Гумер Галеев әскерден әкелген чемоданын,  қаламы мен кітаптарын, музей ардагері Айша Утеулина музей тарихына қатысты жинақталған деректі материалдарын  музей қорына   сыйға тапсырды.

Сонымен қатар жыл бойы музей қорына  түскен экспонаттардан көрме жасақталды.

 Көрмеге   соғыс ардагері  Сергей  Пшонкиннің майданда қолданған музыкалық баян аспабы, Григорий Аухадиевтің фотосуреттері мен орден медальдары,  Экслибрисші  Әнуар  Өтеген - Тананың  және  Қызылорда  қаласы  Әлия атындағы  173 мектеп   ұжымының  сыйға берген  «Әлия»   картиналары   қойылады.

Мемориалды музейлер арасында  ынтымақтастық  меморандум аясында   ұйымдастырылған  шараларда  тапсырған Алматы облысы Жамбыл Жабаев музейінің ақынның шығармашылығына арналған 30томдық жинағы,  Көкшетау қаласы  М.Ғабдуллин  мемориалды музейі,  Қызылорда, Атырау облыстық  және   Хромтау аудандық  музейлерінің  өңір  тарихына қатысты  кітаптары, майдангер-жазушы Жекен Жұмахановтың  жары  Клара  Жұмаханова  сыйға берген  "Әлия әні" кітаптары,  Батыр қызға арналған мақала жинақтары,   қала  тұрғындарының назарына ұсынылады.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.