previous arrow
next arrow
Slider

Ата аманатына адалдық

9-мамыр – Жеңіс күні қарсаңында жыр алыбы  Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі  @zhambyl.museum Әлия Молдағұлованың мемориалды музейіне «Ата аманатына адалдық»  атты жылжымалы көрмесімен келді. 

Бүгін көрменің ашылу салтанатында ақын Жамбыл Жабаевтың немересі, аталмыш әдеби-мемориалды музейдің директоры Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы бастаған ұжым ақынның көзі тірісінде ұстаған заттары мен құнды дүниелерімен таныстырды. 

Жылжымалы көрменің ашылу салтанатына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың нағашы туыстары -  Сапар Молдағұлов, Ария Бисембаева, ақынның шөбересі Тезекбай Қарлығаш, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Шараның мақсаты: 1941-1942 жылдары Ұлы Отан соғысы кезеңінде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы халқына дем беріп, рухты жырын арнаған ақынның болмысын ұлықтау, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қорындағы жәдігерлерді көрермен назарына таныстырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.