previous arrow
next arrow
Slider

Халықтың қастер тұтар қаһарманы

9 - мамыр Жеңіс күніне орай ҚР Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ержүрек Батыры, көрнекті жазушы Қ. Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына арналған “Халықтың қастер тұтар қаһарманы” тақырыбында мерекелік шара өтті.

Шараның ұйымдастырылу жұмыстарына қаламыздағы №8 орта мектептің ұжымы, ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысты.

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер-қаламгерлер, Ақтөбелік Батырлар, Батыстың үш жұлдызы атанған Әлия, Мәншүк, Хиуаздың ерліктері туралы мол ақпарат айтылды.

Сондай-ақ, соғыс жылдары тылда қызмет жасаған Оразбаев Құлданбай балалық шақтағы соғыстың ақтаңдақтарын ақтара келе, жас ұрпақты бейбіт заманда Отанды қастерлеуге шақырып, ақ батасын берді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.