previous arrow
next arrow
Slider

«Есірткісіз болашаққа» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағаты өтті

21 ақпанда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес музейдің ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашаққа» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағаты өтті.

Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналылыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа,  денсаулыққа кері әсер ететін істерден аулақ болуға, жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

Шара барысында №39 қазақ орта мектебінің қатысыуымен 9  сынып оқушыларына лекция өткізді, сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, есірткінің зияны туралы «диаграмма», салауатты өмір салтына байланысты «10 сөз», аталмыш тақырыпқа сай «адасқан әріптер» атты ойындар ойнатылды. Көрнекілікке интерактивті тақта, плакат, түрлі түсті суреттер қойылды.

 

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.