previous arrow
next arrow
Slider

"Звездное небо легендарного пилота" атты мерекелік іс-шарасы

24 ақпанда музейде авиация генерал-майорының 100 жылдығына арналған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының оқытушылары мен курсанттарының қатысуымен "Звездное небо легендарного пилота" атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты және жұртшылықты ұшқыш-штурмовиктің өмірі мен ерліктерімен таныстыру, авиация генерал-майоры Т.Бигелдиновтың Ұлы Отан соғысының жеңісті аяқталуына, азаматтық авиацияны дамытуға  сондай-ақ Қазақстанның өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени объектілерін салуға қосқан үлестерінің маңызын ашып көрсету; ұлттық батырлардың есімдерін танымал ету.

Іс-шараға Әскери институттың оқытушылары мен курсанттары (авиациялық Жабдықты құрастыру және пайдалану кафедрасының жеке құрамы), ҚР Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебінің курсанттары, №27 орта мектептің оқушылары қатысты.

Іс-шараның маңызды сәті:Т.Бигельдиновтың өмірбаянынан мәліметтер; Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты кафедрасының басшысы С.Куртаев сөз сөйлеуі; ұшқыштың естеліктерімен деректі фильм, танымдық викторина, слайдтардың көрсетілуі; курсанттардың орындауындағы музыкалық композициялар және марапаттау.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.