previous arrow
next arrow
Slider

«Абзал ана, көңілің кең дала!» салтанатты мерекелік кездесу шарасы

4 наурызда Әлия музейінде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай әскери кызметтегі  қыз-келіншектермен дәстүрге айналған «Абзал ана, көңілің кең дала!» салтанатты мерекелік кездесу шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты: жастарға әскери-патриоттық, адамгершілік тәрбие беру, қыздар арасында әскери кәсіптердің беделін арттыру, Отан мен халықтың игілігі үшін қызметте өз бағытын тапқан нәзік жандылармен таныстыру.

Іс-шараға–отбасының қамқоршысы және отбасының берекесі,  ұйтқысы болып отырған, қоғамда, еңбекте өз орнын таба білген, еліміздің тыныштығын қорғауға бейбітшілікті  сақтауға өз үлестерін қосып жүрген, әскери қызметтегі қыз-келіншектер қатысып өздерінің қызметтік және өмірлік тәжірибесімен  бөлісті.

Іс-шара қонақтары: Ақтөбе гарнизонының 30238 әскери бөлімі мен әскери полиция қызметкерлері.

Іс-шараға 30238 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің сарбаздары, Т.Бигелдинов атындағы ӘӘӘБ курсанттары, әртүрлі мамандықтағы әйел әскери қызметшілер, оның ішінде әскери медбике, дәрігерлер, радиотелефоншы, писари, тәрбие бөлімінің мамандары қатысты.

30238 әскери бөлімінің сержанты Асылан Шуниреев пен Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттары музыкалық құттықтау сөз сөйлеп, ән - жырмен көркемдеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.