previous arrow
next arrow
Slider

«Мәңгілік елдің батырлары» атты шара

2наурызда Ақтөбе облысының 90 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Мәңгілік елдің батырлары» атты шара өтті.

Шара мақсаты:  Көкшетау қаласы мен Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының батырлары М.Ғабдуллин мен Ә.Молдағұлованың облыстық музейлері арасында  ынтымақтастық меморандумға отыру. Өңіраралық өзара әріптестікті нығайта отырып, мәдени шығармашылық байланыс орнату.

Іс-шараға: Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисқызы,  облыстық мәдениет мекемелері, М.Ғабдуллин мемориалды музейінің өкілдері – Жүзжанова Серікжан Құдайбергенқызы, Махметова Аягөз Мұратқызы, Омаров Бисембай Қайырбекұлы, Ә.Молдағұлованың туыстары: нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың баласы Молдағұлов Сапар Әбубәкірұлы, нағашы ағасы Бисембай Хабиевтің қызы Хабиева Әрия Бисембаевна, М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің Әскери кафедрасы, №30238 Әскери бөлімшенің қызметкерлері, «Жауынгерлік бауырластық» іздестіру тобының мүшелері, Сазды орта мектебінің «Жас Ұлан» оркестрі, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының  әншісі Бақытнұр Әбілез т.б. қатысты.

Шара барысында: Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Ақмола облысы мәдениет басқармасына қарасты «Мәлік Ғабдуллин музейінің басшылары арасында екі жақты ынтыматастық меморандумына ресми қол қойылды. М.Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Мұратқызы ақтөбеліктер мен қала қонақтарын академик, педагог, қоғам қайраткері М.Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрмесіне экскурция жүргізді. М.Ғабдуллин музейінің директоры Жүзжанова Серікжан Құдайбергенқызы музейдің қызметі мен негізгі бағыттарын таныстырды. Батырдың 1943 жылы елге қысқа мерзімді демалысқа келген сапарынан түсірілген деректі фильмі көрсетілді.  Сазды орта мектебінің қызметкері Смаилов  Абыл Амангелдиевич жетекшілік ететін «Жас Ұлан» оркестрі өнер көрсетті. Облыстық филармония әншісі Бақытнұр Әбілез «Кербез Көкшетау» әнін орындады.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.