previous arrow
next arrow
Slider

«МЕРГЕН ӘЛИЯ – 2022» атты пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан, облыстың жалпыға білім беретін мектептерінің оқушылары қыз балаларының арасында әскери-спорттық сайысы

24-25 наурыз Ақтөбе қаласының №55 мектеп-гимназиясының тирінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында «МЕРГЕН ӘЛИЯ – 2022» атты пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан, облыстың жалпыға білім беретін мектептерінің оқушылары қыз балаларының арасында әскери-спорттық сайысы  өткізілді.

Сайыстың мақсаты – жастардың арасында әскери-патриоттық тәрбие беруді насихаттау, Батыр қыздың ерлігі мен есіміне тағзым ету.

Жарысқа 13 команда қатысты. Әрбір команда құрамында 3 қыз.

Сайыс кезінде қауіпсіздік ережелері мен қарудан атыс жүргізудің талаптары толық сақталды, төтенше оқиғалар болған жоқ.

Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі кестеге сәйкес жүлделі орындарға ие болды:

«МЕРГЕН ӘЛИЯ - 2022» атағы

Жекелей есепте:

Гран-при   - Диярова Дильназ Ақтөбе қаласы Алматы ауданы командасынан – 150 ұпай

1-ші орын - Облысова Асел М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатынан – 138 ұпай

1-ші орын - Амангелдиева Диана Алға ауданы командасынан – 133 ұпай

1-ші орын - Сарсенгалиева Альбина Ақтөбе қаласы Астана ауданы командасынан - 133 ұпай

2-ші орын  - Абылакова Аянат, Ақтөбе қаласы Астана ауданы командасынан - 129 ұпай

2-ші орын - Парасат Әлия, Ақтөбе қаласы Астана ауданы командасынан - 129 ұпай

2-ші орын - Турегазина Көркем, Мәртөк ауданы –  128 ұпай

3-ші орын   - Байтурина Тасмина, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы  –  125 ұпай

3-ші орын  - Цой Екатерина, Мәртөк ауданы –  122 ұпай

3-ші орын  - Отеуова Диляра, Шалқар ауданы – 122 ұпай

3-ші орын     - Сағынғалиева Аружан, Ойыл ауданы – 117 ұпай

Командалық есепте:

1-ші орын     - Ақтөбе қаласы Астана ауданы (391 ұпай)

2-ші орын     - Ақтөбе қаласы Алматы ауданы (390 ұпай)

2-ші орын     - Мәртөк ауданы (363 ұпай)

3-ші орын     - Ойыл ауданы (345 ұпай)

3-ші орын     - Шалқар ауданы (342 ұпай)

 

Сақтапберген Фаризат, Мұғалжар ауданы; Шарипова Зарина, Қобда ауданы; Куаныш Жаннұр, Хромтау ауданы; Ыбырайым Гүлден, Темір ауданы; Қуанышқызы Ұлболсын, Байғанин ауданы; Сабыржанқызы Амансұлу, Әйтеке би ауданы; Қарғалы ауданы командасынан, Гайдай Александраға музей тарапынан аудандар арасында қатысқан үшін алғыс білдірді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.