previous arrow
next arrow
Slider

В.В.Щукиннің 85 жылдығына арналған еске алу кеші

31 наурызда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде суретші, экспозиционер, музей ардагері, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы В.В.Щукиннің 85 жылдығына арналған еске алу кеші өткізілді.

Шараның мақсаты: Ақтөбе облысының мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан атақты жерлестеріміздің есімін мәңгі есте сақтау, өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға тәрбиелеу.

Щукин Вячеслав Владимирович 1937 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қаланың №2 орта мектебін Еңбек жолын 1954 жылы мектеп бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы құрылыс мекемесінде суретші болудан бастаған.

1956-1959 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен. 1959-1960 жылдары облыстық мүгедектер қоғамында суретші болған, 1960-1965 жылдары Алматыда көркемсурет училищесінде оқыған. Вячеслав Владимирович училищені бітіргеннен  кейін мектепте сурет пәні мұғалімі, кейін Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің суретшісі болып қызмет атқарды.

В.В.Щукин - Ақтөбе облыстық және аудандық, мекеме музейлерінің суретші- безендіруші ретінде  негізін қалаушы. Көптеген жылдар облыстық тарихи-өлкетану музейінде суретші-реставратор, қалалық мәдениет бөлімі Көркемдік шеберханасының бас суретшісі болып еңбек етті. Өзінің еңбек жолында мерекелік шаралар қарсаңындағы облыс орталығының әсем безендірілуіне тікелей атсалысты.

Еске алу кешінің қонақтары – суретшінің туыс-жақындары, замандастары, «РодинаKZ» этномәдени бірлестігінің өкілдері, суретшілер, мәдениет қызметкерлері.

 Шараның көрермендері – С.Бәйішев атындағы университетінің «Дизайн» кафедрасының оқытушылары мен студенттері.

Шара барысында Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жұмысы қызметкерлер ұсынған 2007 жылы сәуірде түсірілген суретшінің 70 жылдық мерейтойы атап өтілген «В город свой влюбленный» шарасының бейнежазбасыкөрсетілді.

Музей залында суретші В.В.Щукиннің шығармаларынан графика мен кескіндеме (пейзаж, портрет, т.б.) жанрларда көрме қойылды.    

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.