14 қаңтарда Ә.Молдағұлова мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Батыр қыздың қаза тапқан күніне «Елімнің мәңгі Батыр қызы!» атты еске алу кеші өткізілді.
Шараға облыстық мәдениет басқармасы, ішкі саясат, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Ә.Молдағұлованың тума-туыстары шақырылды.