25 желтоқсан күні белгілі ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының және Халықаралық Пен-клубтың мүшесі А.Утегеновты еске алу кеші өткізілді.
Шараның мақсаты: ақынның өмір жолдарынан сыр шертіп, өлеңдерін жастарға таныту және шығармашылығын насихаттау.
Шараға ақынның жұбайы Орынгүл Мұқашқызы, қызы Мерей Амантайқызы, немерелері, туысқандары, замандастары, әріптесі, әрі досы, ақын, «Адырна» журналының бас редакторы Мейрхан Ақдаулетұлы, Өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ардагері- Өтепова Орал Сейтекенқызы және колледж студенттері қатысты.
Шара барысында ақынның жеке заттарынан көрме жасақталады.
Ақын А.Өтегеновтың шығармаларынан Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері өлендер оқып, ән шашуларын ұсынды. Шара соңында конақтар естелікке фото суретке түсті.