14 қаңтарда Ә.Молдағұлова мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Батыр қыздың қаза тапқан күніне «Елімнің мәңгі Батыр қызы!» атты еске алу кеші өткізілді.
Шараға облыстық мәдениет басқармасы, ішкі саясат, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Ә.Молдағұлованың тума-туыстары шақырылды.
Қатысушылар: С.Бәйшів атындағы студенттер, Жайсан көпсалалы колледжінің АӘД пәнінің оқытушысы мен студенттері, № 31қазақ орта мектеп оқушылары.
Шара барысында қаһарман қыздың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды, Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет берілді. «Книга памяти» деректі фильмінен үзінді және тематикалық слайд көрсетілді, апасы Сапураға, нағашы ағасы Бисембайға жазған хаттары, батыр қызға арналған ақындар өлеңдері оқылды.
Қонақтарға сөз берілді. Кітап және сурет көрмелері келушілер назарына ұсынылды.
Шара патриоттық әнімен аяқталып, кеш соңында Ә.Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.