25 қарашада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсаринмемориалды музейі қорынан «Ұлы Дала Ұстазы» атты тақырыптық жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.
25 қарашада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсаринмемориалды музейі қорынан «Ұлы Дала Ұстазы» атты тақырыптық жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.
25 қазанда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Жауынгерлік туы астында...» - Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығына және Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтің 95 жыл толуына орай патриоттық шара өткізілді.
Шараның мақсаты: жастарға аға-апаларымыздың елін, жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту,ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, отансүйгіштікке, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ақтөбе облысында 1988 жылдан бастап «Боевое братство» қоғамдық қоры іздестіру тобы өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда қоғамдық қордың төрағасы Г.Галеев.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің мүрделерін тауып, арулап қайта жерлеу, қаза тапқандардың жанұяларына және мемориалды музейге соғыс кезінде қолданылған заттарды, жеке заттары мен құжаттарын тапсыру.
27 қыркүйек – 1 қазан аралығында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Еңбек күні» мерекесіне орай «Кәсіптер әлемінде» атты тақырыптық көрме ашылды.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі ҚР Отбасы күніне орай «Анаға тағзым» Рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ғимаратында «Отбасы – тәрбие негізі» атты кездесуұйымдастырып өткізді.
Шараға №64 орта мектебінің және «Сымбат» жеке мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейі Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акция аясында аз қамтылған отбасы балаларына және мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп құрал-жабдықтарын сыйға тартты.
Оқу құрал – жабдықтар жиынтығы (рюкзак, сурет альбомы, пенал, қаламсап т.б) №67 ОМ 0 сынып оқушысы Ғалымжан Аянға, №12 ОМ 1сынып оқушысы Айбекұлы Даулетке, №12 ОМ 5сынып оқушысы Әділбеков Мауленге табысталды.
Шара барысында «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» жетекшісі Г.Сраж сөз сөйлеп, ал оқушылардың аналары ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
29 тамыз күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі ҚР. Конституция күніне орай «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» атты тақырыптық интерактивтік экскурсия өткізді.
Шараға әскери - техникалық мектеп жауынгерлері қатысып экскурсия тыңдады.
© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.