4 наурыз күні С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы орталық кітапхана ұжымымен бірлесе онлаин-кездесу өтті. Онлайн – кездесу Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Ә.Молдағұлованың 95 жылдығына арналды. Онлаин шараға музей қызметкерлері, Әлияның туысы Ария Хабиева қатысты. Өскемендік әріптестер арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын орындап, екі жақты пікір алмасып, Батыр қызға қатысты сұрақтар қойып отырды.