2016 жылдың 15-30 қараша аралығында Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ақпараттық науқаны өткізілді.
2016 жылдың 23 қараша күні Әлия музейінде «Апаттан құтқару - азаматтық парыз» атты бейбіт заман батырларымен кездесу өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, шынайы патриоттың және қорғаушының бейнесін қалыптастыру, жастардың эмоциялық әлемін, адамгершілік әсерлермен байыту және моральдық дамуына, шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету. Ел тарихы-жер тарихы екенін ұғындыру, қазіргі заманның батырлары деп айтуға тұратын кейіпкерлердің ерлік әрекетін жан-жақты баяндау.
2016 жылдың 20 қазаны күні Әлия Молдағұлова мемориалды музейінде «Отаныма оралу» атты шетелден қоныс аударған қандастармен кездесу кеші болып өтті.
Мақсаты: алыс – жақын шет елдерден елімізге қоныс аударған қандастарымыз туралы ақпарат беру арқылы,жастарды елжандылыққа, патриоттық сезімге баулу, өз еліне деген сүйіспеншіліктері мен құрметін арттыру.
© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.