13 сәуір күні С.Жиенбаев атындғаы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлескен «Әлия ғұмыр: өнегелі ерлік» онлайн - сұхбат өтті.
13 сәуір күні С.Жиенбаев атындғаы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлескен «Әлия ғұмыр: өнегелі ерлік» онлайн - сұхбат өтті.
8 сәуір күні музей қызметкері С.Тәжбенова тікелей эфирде «Женщины на страже Родины» тақырыбында онлайн-лекция өткізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында барша халықпен қатар қазақ қыздары жеңіс жолына жан тігіп, бар күшімен күресе білді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап, олар өз еріктермен майданға аттанды, олардың алды жиырмадан асса,көпшілігі 17-19 жаста ғана болатын. Солардың бірі қазақтан шыққан Кеңес Одағының Батыр қыздары Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова, Хиуаз Доспановалардың жанқиярлық ерліктері туралы айтып берді.
8 наурыз күні №20 мектеп-лицейінде «Женщины на старже Родины» тақырыбында әскери мамандық кәсіптегі қыз-келіншектердің өмірі мен қызметінен сыр шертетін тақырыптық шара өтті.
4 наурыз күні С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы орталық кітапхана ұжымымен бірлесе онлаин-кездесу өтті. Онлайн – кездесу Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Ә.Молдағұлованың 95 жылдығына арналды. Онлаин шараға музей қызметкерлері, Әлияның туысы Ария Хабиева қатысты. Өскемендік әріптестер арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын орындап, екі жақты пікір алмасып, Батыр қызға қатысты сұрақтар қойып отырды.
2 наурыз күні Қазақстанның әр облысынан келген Ішкі істер департаментінің қызметкерлері музейде кездесу ұйымдастырып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
1 наурыз Алғыс айту күніне орай Әлия музейіне Шымкент, Орал, Атырау облыстарынан келген қонақтар Әлияның өмір мен ерлігіне бас иіп, жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айттты. Қонақтар арнайы бейнетаспаға түсіріліп, музейдің инстаграмм парақшасына салынды.
21 ақпанда мемориалды музей Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігін зерттеген тілші-зерттеуші Сейілхан Асқаровтың 95 жылдығына арналған «Зерттеуші. Жазушы.Сценарист» атты танымдық шараны ұйымдастырып өткізген.
Шараның мақсаты: «Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасы аясында ұлт тарихында, мәдениетінде із қалдырған тұлғалар рухын құрметтеу, еңбегімен елеулі, белгілі жерлестеріміздің есімдерін мәңгі есте сақтау.
© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.