3 наурызда 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай музейде қалалық жас туристер стансасының үйірме білім алушыларының қатысуымен «Көктем аруы-2022» сайысы ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт- дәстүріне байланысты әдептілікке,инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу болып табылады..
Сайыстың талаптары бойынша қыздар өзін таныстыру барысында бойындағы бар өнерін салуға тырысты.
Сайыс бес кезеңнен тұрды. Қыз баласына тән инабаттылығы, білімі, өнері, киім кию мәдениеті, барлығы жан-жақты бағаланды.
Сайыс соңында аруларымыз музей атынан дипломдарымен марапатталды.