previous arrow
next arrow
Slider

«Сауатты тұтынушы болайық» тақырыбында департамент өкілдерімен кездесу

11 наурызда 15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күнін – Fair Digital Finanse - Әділ цифрлық қаржылық қызметтер» ұранымен өткізу туралы шешімнің аясында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі және Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастырумен «Сауатты тұтынушы болайық» тақырыбында департамент өкілдерімен кездесу өтті.

Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында, Ақтөбе облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілі Гүлзада Алматбайқызы Алматбаева және «Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Улмекен Мухаметалиева Маменова шақырылды.

Департаменттің бас маманы Гүлзада Алматбаева тұтынушы құқығына қатысты жиі кездесетін, қатысушылардың, музей қызметкерлерінің және aliya.muzeyi, aqtobe_muzei инстаграм парақшасындағы оқырмандар сұарақтарына жауап берді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ережелер,тұтынушыларға ақпарат беру, консультация жүргізу, сауаттандыру және  сандық қаржылық қызметтер мен қаржылық технологиялар туралы мәлімет берілді.

Ақтөбе облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мәдениет мекемелері ұжымдарының өз қызметтерінде жүзеге асыруы бойынша кәсіби бағыт-бағдар көрсетілді.

Ақтөбе облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің дайындаған бейненұсқаулықтары, бейнеақпараттары әлеуметтік желі қолданушылары мен көпшіліктің көріп танысуы үшін музейдің телеграм және инстаграм парақшасына жүктелді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.