21 ақпанда мемориалды музей Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігін зерттеген тілші-зерттеуші Сейілхан Асқаровтың 95 жылдығына арналған «Зерттеуші. Жазушы.Сценарист» атты танымдық шараны ұйымдастырып өткізген.
Шараның мақсаты: «Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасы аясында ұлт тарихында, мәдениетінде із қалдырған тұлғалар рухын құрметтеу, еңбегімен елеулі, белгілі жерлестеріміздің есімдерін мәңгі есте сақтау.
Ұлы Отан соғысына қатысушы Сейілхан Асқаров отанына оралған соң, Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдады.С.Асқаровтың Ә.Молдағұлова, Ғ.Мұратбаевтың өмірі мен ерлігі туралы деректі очерктері «Дружные ребята», «Ленинская смена» газеттерінде жарық көрді.Аталған шығармалары үшін журналист КСРО Журналистер Одағы сыйлығының лауреатыатағына ие болды.Сонымен қатар, Қазақстан журналистері арасында алғашқы болып «Золотое перо» атағын алды.
С.Асқаров экспедиция кезінде Ә.Молдағұлованың ерлік жолдарымен жүре отырып, тиянақты түрде жол жазбаларын және мерген қыз туралы мақалаларын жариялап отырды.Қазіргі уақытта бұл жазбалар мемориалды музейдің алтын қорын құрап отыр.Сценарист ретінде «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген тарихи тұлғалар туралы 15 фильм, оның ішінде «Маншук», «Екі қарлығаш» және басқа да туындылар бар. «Әлия» деректі фильмі 1968 жылы батыр қыздың ерлік жолдарына экспедиция кезінде және туыстарымен, ұстаздарымен, командирлерімен кездесуде жинақталған мәліметтер нәтижесінде жарық көрді.
Шараның негізгі кезеңдері: 2020 жылдың мерейтой даталары, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігін зерттеуші С.Асқаровтың өмірбаянымен таныстыру, викториналық сұрақтар, слайдтар, деректі фильм, оқушылардың сұрақтары мен тілектері.
Шара Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары мен оқушыларының қатысуымен өтті.