27 қыркүйек – 1 қазан аралығында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Еңбек күні» мерекесіне орай «Кәсіптер әлемінде» атты тақырыптық көрме ашылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.Оның негізгі мақсаттары – Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.
Көрмеге түрлі мамандық иелерінің фотосуреттері қойылып, көпшілікке таныстырылады.Республика, облыс көлемінде еңбегімен белгілі болған жандар – музей ардагері –Р.Ілиясова, мәдениет саласының ардагері – Ө.Әкімов, белгілі дәрігер –Ж.Досқалиев, мүгедектер мүддесін қорғаушы Қ.Бәйменова, туған жерінің жан-жақты дамуына қол ұшын беріп жүрген кәсіпкерлер – И.Салжанов, Қ.Мәйтеков, Ш.Жолдасбаев, қыл қалам шебері – Ә.Өтеген-Тананың жұмыс барысындағы фотосуреттерін көруге болды. Көрмеге қойылған еңбек адамдары туралы мәлімет берілді.
Қарапайым еңбеккерлерді ынталандыру үшін «Еңбек ері», «Еңбек ардагері» марапаттары енгізілді. Бұл мейрам еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға, өндірістік қызметтерді ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттау мен көпжылдық еңбек дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті күшейтуге және жастар арасында жұмысшы кәсібіне деген қызығушылықты арттыру, нығайту болып табылады. Сонымен қатар, жұртшылықты еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігімен таныстырып, озаттары мен үздіктерінің ізгі жолын, еңбек әулеттерінің өнегелі қырларын көпке үлгі ету, сол арқылы адамдарды еңбекке баулып, ынтасын арттыру көзделген.