25 қазанда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Жауынгерлік туы астында...» - Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығына және Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтің 95 жыл толуына орай патриоттық шара өткізілді.
Шараның мақсаты: жастарға аға-апаларымыздың елін, жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту,ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, отансүйгіштікке, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шара қонақтары: Ақтөбе облысының ардагерлер кеңесінің мүшесі Есмағанбетов Келдібай, ауған соғысының ардагері Серік Тәйкенов және әскери-техникалық мектеп жауынгерлері, Қ.Жұбанов атындағы университеттің студенттері, №27 орта мектеп оқушылары қатысты.