Ақтөбе облысында 1988 жылдан бастап «Боевое братство» қоғамдық қоры іздестіру тобы өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда қоғамдық қордың төрағасы Г.Галеев.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің мүрделерін тауып, арулап қайта жерлеу, қаза тапқандардың жанұяларына және мемориалды музейге соғыс кезінде қолданылған заттарды, жеке заттары мен құжаттарын тапсыру.
25 қазанда мемориалды музейінде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1920 жылы Әзірбайжан Республикасында туып-өскен Шаяхмет Газаевич Вердиевтің қазалы медальонын Әзірбайжанның Қазақстандағы консулы Эльмар Мамадовке тапсырылды.
Шараға – ауған соғысының ардагерлері, музей қызметкерлері, оқушылар мен жастар қатысты.