Іс-шаралар

Ер есімі ел есінде мәңгілік жаңғырады

“Даңқ” ордендерінің толық иегері. Сәрсенғали Ешбаев 1924 жылы 5 сәуірде Байғанин ауданының Қызылбұлақ ауылдық кеңесіне қарасты мекенде дүниеге келген.

1942 жылы армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады.

Наурыз мейрамын өткізу аясында жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Наурыз мейрамын өткізу аясында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі қорынан Ырғыз, Темір аудандық тарихи-өлкетану музейлерімен бірлескен этнографиялық бағытта жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай патриоттық орталық салынады

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай патриоттық орталық салынады.

​Аймақ басшысы Асхат Шахаров облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында ғимарат Әлия ескерткішінің жанына салынатынын жеткізді. Орталық 2025 жылы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай ашылады.

2024 жылғы 22 маусымда Ақтөбе қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінде Ұлы Отан соғысының басталғанына 83 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, олардың ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу.

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық киімдерімізді насихаттау мақсатында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» тақырыбында қыз-келіншектердің киім үлгілерінен челлендж ұйымдастырды.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.