Бүгін, Қазақстанның Халық қаһарманы Р.Қошқарбаевтың ерлігі туралы алғаш қарымды қалам тербеген К.Қазыбаевтың жары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Орынша Жолмұратқызы Қарабалина немересі Мұхаммед Тоймұрат және ҚР білім саласының үздігі Мариям Алданова Ақтөбе шаһарына атбасын тіреді.
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай музейдің ғылыми ағарту бөлімінің меңгерушісі Алия Хайрулловна Агниязова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Құрмет грамотасымен марапатталды.
Университет музейі Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде өткен «Музей түні-2024» мерекелік шарасына қатысты. Дәстүрлі шарада ұйымдастырылған көрмеге үш бірдей экспозиция көпшілік назарына ұсынылды.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған көптен күткен “Музей түні - 2024” іс-шарасының өткізілетіндігі туралы хабарлайды!
Басталуы: 18 мамыр, сағат 19.00-де
© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.