"Музейді дамыту мақсатындағы мәдени туризм саласының қызмет көрсету бағыттары”
Музейдің ғылыми қызметкері Тугулгалиева Адина
"Музейді дамыту мақсатындағы мәдени туризм саласының қызмет көрсету бағыттары”
Музейдің ғылыми қызметкері Тугулгалиева Адина
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай патриоттық орталық салынады.
Аймақ басшысы Асхат Шахаров облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында ғимарат Әлия ескерткішінің жанына салынатынын жеткізді. Орталық 2025 жылы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай ашылады.
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық киімдерімізді насихаттау мақсатында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» тақырыбында қыз-келіншектердің киім үлгілерінен челлендж ұйымдастырды.
2024 жылғы 15-наурыз күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Наурызым, берекелі жыл басым!» мерекелік шарасы өтті.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі ұжымы батыр есімімен аталатын Әлия Молдағұлованың халықаралық әуежайы мен «Алия» центрі сауда орталығында болып, қала тұрғындары мен қонақтарын «Амал келді, жыл келді» нышанындағы тәтті дәммен құттықтап, игі тілектерін арнады.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мемориалды музей ұжымы облыстық бұқаралық ақпарат құралдары саласының нәзік жандыларына арнап мерекелік құттықтау ұйымдастырды. «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Диапазон» газеттері мен «Ақтөбе», «Рика ТВ» телеарналарының тілшілері мен журналистеріне құттықтау тілектерін арнап, бағалы сыйлықтармен ризашылқтарын білдірді.
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін ерекше адам жанына ләззат сыйлайтын Алғыс айту күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі барша халыққа арнап өз алғыстарын, ыстық – лебіздерін жолдады.
© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.